
Жоба туралы

Жоба тақырыбы: Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың «жұмсақ күшін» зерттеу мен кеңейтуге жәрдемдесу.
Жобаның мақсаты:
Орталық Азияда ЕО жұмсақ күшін зерттеу және таратуға үлес қосу.
Міндеттері:
- Орталық Азиядағы ЕО «жұмсақ күшінің» жай-күйі мен параметрлерін, оның аймақтағы әрбір елге әсерін, одан әрі тарату құралдары мен ресурстарын кешенді зерттеу;
- еуропалық тақырыптар бойынша пәндерді оқытуды жетілдіру, Орталық Азияның оқу орындарында Еуропа тарихы пен саясатына қатысты пәндерді оқытуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- еуропалық интеграция, дипломатия, жұмсақ күш мәселелерін зерттейтін студенттердің, жас ғалымдардың ғылымижұмысын ынталандыру және қолдау. Халықаралық деңгейде жас зерттеушілердің бірлескен ғылыми белсенділігін ұйымдастыру;
- еуропалық әріптестермен тығыз ынтымақтастықта жалпы аймақтық мәселелерін және ЕО-ның аймаққа әсерін зерттейтін Орталық Азия елдері, Моңғолия және Пәкістан зерттеушілерінің тұрақты академиялық желісін құру;
- білімді, идеяларды, зерттеу нәтижелерін тек академиялық қауымдастықта ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің қалың жұртшылығы арасында тарату.
Іске асыру:
Ғылыми тұрғыдан алғанда:
- Орталық Азиядағы ЕО жұмсақ күшінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу,
- мақалалар мен монографиялар жариялау,
- ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру (вебинарлар, дөңгелек үстел, жазғы мектеп, студенттік ғылыми жобалар байқауы),
- студенттердің ғылыми жұмысынақолдау көсету.
Әдістемелік аспектіде:
- Еуропалық тақырыптар бойынша пәндерді оқыту,
- студенттер мен оқытушыларға арналған оқу құралдарын шығару,
- ЕО тарихы мен саясаты пәндерін оқытуды жақсарту үшін жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің және университеттердің мұғалімдеріне арналған онлайн мектеп ұйымдастыру.
Коммуникациялық аспектіде:
- EUROSOFT веб-сайтының, оның әлеуметтік желілердегі парақшаларының жұмыс істеуі,
- ЕО және Еуропа елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілерінің дәрістерін ұйымдастыру,
- студенттік жатақханаларда «Еуропа күнін» мерекелеу,
- Жан Моне Педагогикалық шеберлік орталықтарында топ мүшелерінің тағылымдамадан өтуі,
- Еуропа елдерінде жұмсақ ЕО күші мен дипломатия туралы ғылыми идеяларды тарату үшін сарапшылық желіні қолдау.
